"Қар жауып, тұман болады". Еліміз бойынша 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Тұман, қар, ауа райы болжамы, 22 қаңтар, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2026 17:32 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 22 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте қарлы боран болады.

"Республикамыздың кей жерлерінде тұман қылаң беруі мүмкін; батыста және оңтүстікте көктайғақ болатыны болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жел тұратыны да болжанады. 

Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 22-24 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: