Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Өзбекстан, референдум, Өзбекстан Конституцисы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 17:14 Сурет: wikimedia
19 сәуірде Өзбекстанда Конституцияның жаңа редакциясы бойынша референдумда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды. Оған референдум күні тұрғылықты жерінде бола алмайтын азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституцияға енгізілетін  түзетулерге дауыс беру 26 сәуірге дейін жалғасады. Референдум өткізу бойынша учаскелер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және мереке және демалыс күндері 12:00-ден 16:00-ге дейін ашық.

Бюллетеньде "Сіз "Өзбекстан Республикасының Конституциясы туралы" Өзбекстан Республикасының конституциялық заңын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ жазылған және "иә", "жоқ" деген жауаптар бар.

Мерзімінен бұрын дауыс беруге референдум күні тұрғылықты жерінде бола алмайтын азаматтар қатыса алады.

Мерзімінен бұрын дауыс беру үшін дауыс беруші референдум өтетін учаскеге жеке басын куәландыратын құжатпен баруға тиіс.

Конституцияның жаңа редакциясы бойынша референдумның өзі 30 сәуірге жоспарланған.

Өзбекстанның Басты заңының мәтіні 65% өзгереді. Конституцияда Өзбекстан әлеуметтік мемлекет болып жарияланады, сенаторлар саны азаяды және басқа да өзгерістер көзделген. Ал президенттің мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарту туралы түзету ол күйі қалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: