Үкімет басшысы Әлихан Смайылов референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді
![Дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 08:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b107080f-4721-4cc4-89b1-7f024b3baf39/800x451.webp)
Дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов республикалық референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Бұл туралы ақпарат Referendum2022.kz Telegram арнасында пайда болды.
Ол өз дауысын ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде берді, - делінген хабарламада.
Жалпы, барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.
Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 сайлаушы қосылған.
Еліміздің Ата заңына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда қол қойды.
Қазақстандықтар түзетулерді жақтап "иә" немесе қарсылық білдіріп, "жоқ" деп дауыс беретін болады.