Тоқаев Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Ол сайлаушылар тізіміне белгі қойып, бюллетень алып, дауыс беру кабинасына кірді.
11 желтоқсанда ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды: Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры Наталья Дементьева, "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли, "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, "Шығыс" шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин, "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, "Әзербайжан қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.
10 қаңтарда Қазақстанда Мәжіліс пен Мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. «Нұр Отан» парламенттік сайлауда халықтың 71,97% дауысымен жеңіске жетті. Екінші орынды «Ақ жол» Демократиялық партиясы иеленді - 10,18% дауыс. Үшінші орында - Қазақстан халық партиясы - 9,03% дауыс.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде - 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.