Жаңалықтар тізбегі
0

Премьер-министр Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2021 16:50 primeminister.kz
Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатыр.

ҚР Премьер-министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатыр.

ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды: Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің "Техникалық лицей" КММ директоры Наталья Дементьева, "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли, "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, "Шығыс" шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин, "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, "Әзербайжан қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: