Жаңалықтар тізбегі
0

Дүйсенова депутаттың атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсынысына пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, мәжіліс депутаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 15:31 Сурет: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында 19 сәуірде Мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның балалар жәрдемақысының мөлшерін ұлғайтып, АӘК-ні алып тастау ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату мүмкін емес екенін айтты.

"Бізде осындай көмек алатын отбасылар бар. Жұмыс істей алмайтын азаматтар бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуге тиіс. Қазір жұмыс істей алмайтын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамның объективті және субъективті себептері бар. Осыған сүйене отырып, мен әр отбасын анықтап, нақты әлеуметтік көмек көрсету мәселесін қарастыру керек дер едім", – деді министр.

Бұл ретте ол АӘК беру тетігін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын еске салды. Дүйсенованың айтуынша, мұқтаж отбасыларды анықтаудың тиімді тетіктерінің бірі отбасының цифрлық картасы болмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: