Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда мердігер әкімдіктен 304 миллион теңгесін өндіріп алатын болды

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 01:32 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жол құрылысын жүргізген мердігер әкімдіктен 304 миллион теңгесін қайтарып алатын болды. Өйткені сот бұл істі кәсіпкердің пайдасына шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жол жөндейтін Partners Realty компаниясы бірнеше айдан бері Павлодар әкімдігінен 304 млн теңгесін қайтара алмай жүрген. Ал шенеуніктер сотқа жүгінген. Олар компанияға ақшаны бергісі келмей, "жұмысты шала істеді" деп шағым түсірді.

Бүгін судья істі кәсіпкердің пайдасы шешіп берді. Енді атқарылған жұмыстың ақысы толықтай өндірілуге тиіс.

"Атқарылған жұмыс актісін жарамсыз деп тану бойынша өндіріске алынған іс қысқартылсын. Шешім әлі күшіне енген жоқ. Бұл бойынша 10 күннің ішінде прокуратура немесе ауданаралық экономикалық сот арқылы шағым түсіруге болады".

Алайда бұл қаражат бірден қолға түспейді. Өйткені бұған дейін сот шешімімен серіктестік "жосықсыз фирма" деп танылған. Мердігер өзін ақтау үшін апелляциялық шағым түсірген. Іс бизнесменнің пайдасына шешілгенде ғана қаражат толық төленеді.

"Фирма әбден тығырыққа тірелген. Қаражат берілмегенсін, жұмысшыларға да ақшасын төлей алмай қиналды. Біраз адам ақысыз демалыста жүр. Бұл жағдай компанияға ауыр соққы болды. Енді апелляциялық сотта шешім біздің пайдаға шеліледі деп үміттенеміз. Біз соңына дейін барамыз". Адвокат Мұрат Адам
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: