Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда сот шешімімен бірнеше үй сүрілетін болды

Сот шешімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2023 20:53 Сурет: Алматы қаласы әкімдігі/ иллюстрация үшін алынды
Павлодарда қаланың бас жоспарын бұза отырып, салынған бірқатар құрылыс нысандары сүрілетін болды. Істі қозғауға облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамашылық еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдау көрсеткендей, бірқатар жағдайларда құрылыс салуға рұқсат қаланың бас жоспарын бұза отырып берілген. Сонымен қатар, жобалардың егжей-тегжейлі жоспары болмаған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дархан Құрақбаев мәлім еткенін хабарлайды. 

"Қамзин көшесі, 102, Горький, 27/1, Академик Сәтбаев, 251/1 мекенжайындағы үйлерді бұзу туралы үш сот шешімі заңды күшіне енді". Дархан Құрақбаев

Оның айтуынша, Павлодар қаласының шекарасында бау-бақшаға арналған учаскелер беріліп, кейіннен олардың нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысына немесе қалыптасқан кезекті айналып өту үшін коммерциялық мақсатқа өзгерту кезінде заңсыз жер беру бейберекет құрылысқа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады. 


"Тұрғын үй қатынастары саласында Павлодар қалалық әкімдігінде қылмыстық схема әшкере болды. Шенеунік қамқоршылардың араласуымен үлестес тұлғаларға пәтерлерді заңсыз рәсімдеп, тұрғын үй қорынан шығарған. Кейіннен баспаналар қайта сатылған. Іс қатысы барлар сотталды", – деп мысал келтірді ол.

Барлық пәтерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, пәтерге мұқтаж әлеуметтік осал топтағы азаматтарға бөлінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: