Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшылығы пара алды деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы құрамына қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
"Басқарма басшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бөлім бастықтарынан 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Оның орынбасары мен бөлім бастығы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатымен кедергісіз ақы төлегені үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде", – деп жазды ол.
Оның жазуынша, сот күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шараларын санкциялады.
"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда".Дәурен Ерғарин
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript