"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалы, сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 13:11 Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысының заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіпі жатыр.

"Олар поездарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т. б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген".ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір сотқа дейінгі тергеу әлі жүріп жатыр. 

27 қаңтар күні 2 млн теңге пара алды деген күдікпен "Қазпошта" филиалы директорының орынбасары қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: