Алматы-Қорғас жолындағы 50 миллион долларға арбитраждық дау: Париж соты нүкте қойды

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 14:10 Фото: Zakon.kz
Париждегі Халықаралық сауда палатасы жанындағы Халықаралық арбитраж соты Алматы-Қорғас жолының құрылысына қатысты істі Қазақстанның пайдасына шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі хабарлады.

"2020 жылғы 15 мамырдағы "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі – Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және "Казахдорстрой" ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы – Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі – Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді," деп жазылған ресми ақпаратта. 

Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.

2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.

"Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады." Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: