Абай облысында кек алу мақсатында шекара қызметкерін ұрып кеткен - сот іске нүкте қойды
Фото: Zakon.kz
Кассациялық сот билік өкіліне қатысты жасалған күш қолдану әрекеттері туралы қылмыстық істі қайта қарады. Айыпталушылар кек алу мақсатында жәбірленушінің үйіне қасақана барып, қылмысты іске асырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданы бойынша шекара басқармасының қызметкері Д. қызметтік міндетін атқару барысында жүк автокөлігінің жүргізушісі К.-ның тарапынан жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, оған ескерту жасаған.
Алайда сол түні құқық бұзушы өзінің досы А.-мен бірге алкогольдік масаң күйде Д.-ның үйіне әдейі келген.
"Оны сыртқа шығарып, өмірлік маңызды ағзаларына соққы жасаған, жәбірленуші қашып құтылмақ болған кезде оны қуып жетіп, күш қолдануын тоқтатпаған. Соның салдарынан жәбірленушінің жақ сүйегі мен мұрын сүйегі сынған",- деп мәлімдеді кассациялық сот.
Кассациялық сот ҚК-нің 380-бабы 6-бөлігі 4) тармағы бойынша К. мен А.-ны амнистия актісі қолданылып, 8 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға соттауды негізді деп таныды. Бұл қорытынды төмендегі мән-жайларға байланысты жасалды:
- Шабуыл кездейсоқ болмаған: сотталғандар алкогольдік масаң күйде жәбірленушінің үйіне қасақана келіп, кек алу ниетімен әрекет еткен, бұл олардың қылмыстық пиғылы болғанын растайды;
- Өмірге қауіпті күш қолдану фактісі тек келтірілген зардаптың ауырлығымен ғана емес, кінәлілердің әрекет сипатына қарай да айқындалады. Өмірлік маңызды ағзаларға соққы жасау, оның ішінде жәбірленуші қашуға әрекеттенген кезде де күш қолдануды жалғастыру, денсаулыққа іс жүзінде жеңіл зиян келтірілгеннің өзінде, жәбірленушінің өміріне нақты қауіп төнгенін көрсетеді. Жәбірленуші бірнеше рет стационарлық ем қабылдап, хирургиялық операциялардан өткен;
- Сотталғандардың аса ауыр қылмыс жасағаны туралы құқықтық баға дұрыс деп танылып, тағайындалған жаза әділ әрі жасаған әрекеттеріне сай деп танылды.
Бұған дейін Шымкент әкімдігін 10 млн теңгеге бопсалаған блогер сотталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript