Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Соттың мәліметінше, заң талаптарына сәйкес істің мән-жайлары жария етілмейтіндіктен, сот отырысы жабық режимде өтті.
Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сот талқылауы барысында зерттелген өзге де дәлелдермен дәлелденді.
Аталған қылмыс аса ауыр санатқа жатады және ол үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот М.-ға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойына атқару құқығынан айырды. Жазасын ол орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.