Жаңалықтар тізбегі
0

"Итті соймайық". Оңтүстік Кореяда ит етіне қатысты дау бұрқ ете түсті

Ким Кеон Хи, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 17:53 Сурет: wikimedia
Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи Юнның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін ит етін жеу дәстүріне нүкте қойдыру - оның парызы болып табылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи елдегі ит етін жеу дәстүрін доғаруға шақырған мәлімдемелері үшін ит өсіретін фермерлердің мүдделерін танытушы топтың сынына ұшырады, деп хабарлайды SCMP.

Аталған топ Ким президент те, депутат та емес, сондықтан ол мұндай мәселелерде бейтарап болуы керек деп мәлімдеді, өйткені бірінші ханымның басты міндеті президентті қолдау болып табылады.

"Жануарлар құқығын қорғайтын топтардың жағына шыға отырып әрі ит етін жеуден бас тартуға шақыруда ол өз орнын ұмытып, саяси қызметке ұмтылуда". Фермерлердің мәлімдемесі


Осындай даундан кейін, БАҚ-тардан белгілі болғандай, Оңтүстік Корея президентінің әйелін билеуші, сондай-ақ оппозициялық партиялар да қолдаған.

14 сәуірде билік етуші партия өкілі Тхэ Ён Хо иттер мен мысықтарды сойып, олардың етін сатуға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Бір күн бұрын Кореяның негізгі оппозициялық Демократиялық партиясының бас саясаткері Ким Мин Сок та өз партиясы ит етін жеуге тыйым салатын арнайы заңды қабылдату үшін барын салатынын мәлімдеген еді.  

Бір кездері ит етін жеу адамдардың жеке таңдауына қатысты мәселе екенін айтқан Президент Юн кейінірек өз ұстанымын өзгертіп, сайлау науқаны кезінде ит етін пайдалануға тыйым салуға уәде берді.

Қазіргі Оңтүстік Кореяда қоғамның жануарларға деген көзқарасы өзгерген, көп адам итті үй жануары ретінде ұстайды, алайда елде ит өсіретін фермалар мен тамақ мәзірі ит етінен даярланатын тамақтарды қамтитын мейрамханалар әлі бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: