Оңтүстік Кореяда жүк кемесі бортындағы 22 экипаж мүшесімен қоса суға батып кетті
Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында бортында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Yonhap ақпарат агенттігі таратқан мәлімет бойынша, кеме Чеджу аралындағы Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен.
Бортта 22 экипаж мүшесі болған: 14 Қытай азаматы және 8 Мьянма азаматы. Экипаждың екі мүшесі құтқарылды, қалғандары іздестіріліп жатыр.
Жергілікті биліктің мәліметінше, ағаш таситын Jin Tian кемесі Гонконгта тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript