Жүк кемесі Иран жағалауында суға батып кетті

теңіз толқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 18:09 Сурет: pixabay
Парсы шығанағындағы Иранның оңтүстік жағалауында жүк кемесі апатқа ұшырады. 30-ға жуық адам суда құтқарушыларды күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

IRNA агенттігінің хабарлауынша, жүк кемесі БАӘ компаниясына тиесілі.

Қазіргі уақытта бортта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, оқиға орнына тікұшақ жіберілді.

Иранның Бушер провинциясының порттары мен кеме қатынасы әкімшілігі кеменің жеңіл көліктерді тасымалдағанын атап өтті.

Алдын ала мәлімет бойынша, кеме Ассалуйеден 30 миль жерде дауылға ұшыраған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: