Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында қараусыз қалған 6 жасар бала суға батып кетті

Ақтөбе облысы, су, шомылу, қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 11:59 Сурет: Zakon.kz
10 шілдеде Ақтөбе облысының Есет батыр ауылында қайғылы жағдай болды: 2016 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алты жасар бала Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында белгіленбеген жерде суға батып кетті. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. Құтқарушылар баланың денесін 2,5 метр тереңдіктен судан шығарды. Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін еске салып өтті.

Тыйым салынады:

  • мас күйде шомылуға;

  • қайықтардан, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсаттарға арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерден сүңгуге;

  • рұқсат етілген аумақтан тыс жерде шомылуға;

  • жүзуге арналмаған заттармен жүзу;

  • су объектілерін ластауға және бітеуге;

  • жағада және киім ауыстыратын бөлмелерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға.

    4 шілдеде Шымкентте де осындай қайғылы оқиға болды: алты жасар бала жекеменшік демалыс орталығындағы бассейнге батып кетті. Бала ата-анасының қасында болған, бірақ қараусыз қалып, абайсызда суға құлап, батып кеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: