Ақтөбе облысында оқушы бала қызыл суға батып, мерт болды
Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
2024 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиғаның орын алғанын Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев Қазақпарат агенттігіне берген ақпаратында растады.
"2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бір апта бұрын ШҚО-да өзенді трактормен кесіп өтпек болып, жоғалып кеткен екі ер адам әлі іздестіріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript