Ақтөбе облысында тағы бір бала суға батып кетті
Сурет: unsplash
Ақтөбе облысында 2024 жылдың 2 сәуірінде қайғылы оқиға орын алды – тағы бір бала еріген суы жиналған жерге батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға облыстың Әйтеке би ауданы Белқопа ауылының маңында болған.
"2014 жылғы бала Белқопа ауылының маңында ағып жатқан еріген қар суына құлап қайтыс болды. Қазіргі уақытта денесі судан шығарылды" Әйтеке би ауданы әкімдігі
Марқұм төртінші сыныпта оқитын.
Еске салайық, 2024 жылғы 23 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ебейті кентінде төрт жасар бала еріген қар суына құлап, тұншығып, қайтыс болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript