Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы робототехника бойынша чемпионатта беделді 3 марапатқа ие болды

қазақстандық оқушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2023 17:41 Сурет: Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушылар FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді. Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу ағарту министрлігінің хабарлауынша, алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатына иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы Robot Design Award жоғары техникалық сыйлығын жеңіп алды. Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы Motivate Award Finalist төрешілердің ерекше марапатына Алматының республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы ие болды. Роботтардың керемет ойынын жасаумен қатар, балалар STEM мәдениетін белсенді түрде насихаттайды және өз мектептерінде FIRST негіздерін енгізеді. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, командасы әлемдік аренада жоғары кәсібилік көрсетті. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робототехника мен бағдарламалау негіздерін үйреткен.

"Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жандарға алғыстымыз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы үлкен және жемісті жолдың басы ғана". USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет

Робототехника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: