Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды

Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 09:03 Сурет: pixabay
Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды.

Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.

Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

"Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз", — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді.

Ел атынан қатысып жатқан командалар:

  • Atlantis — "Сатурн" мектебі, Павлодар қаласы;
  • PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;
  • Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — "Skillset" мектебі, Астана қаласы;
  • JelToqSun және Rasslexx — "Мұрагер" мектебі, Қарағанды қаласы.

Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы: Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: