Кенияда христиандық секта уағызшысының бұйрығымен аштан өлгендер саны 47-ге жетті

Қайтыс болды, адамдар сектаға тәуелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:18 Сурет: pixabay
Кенияда христиандық секта уағызшысының бұйрығымен аштан өлгендер саны 47-ге жетті. Олардың мәйіттері теңіз жағалауындағы Малинди қаласы маңындағы орманнан қайта қазылып алынып жатыр.

Секта жетекшісі Пол Маккензи 15 сыбайласымен бірге тұтқындалды.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген қағиданы сіңірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда, тергеу кезінде Маккензи тағылған кінәнің бәрін жоққа шығарып, өзі басқарған топтың 2019 жылы тарап кеткенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: