Жаңалықтар тізбегі
0

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Гүлмира Сатыбалдының ісі, Қайрат Сатыбалды, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 17:10 Сурет: Zakon.kz
Прокурор олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады.

"Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

21 сәуір күні Гүлмира Сатыбалды сотта сұрақ-жауап алу кезінде өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

Байқоңыр ауданының №2 сотында сотталушы Гүлмира Сатыбалды өз ісін қарап жатқан судьяға қарсылық танытты. Қорғаушы тарап өкілдері судья жұмысына қарсылықты жариялай отырып, Гүлмира Сатыбалды ҚР ҚІЖК-нің 23-бабына сүйенетінін жеткізді. Бұл бапта сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың іс жүргізу міндеттерін орындауы және оларға берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті екені көрсетілген. Олар судья Кемеңгер Имашев өздеріне аталған жағдайды жасамады деп мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: