Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлмира Сатыбалды өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді

Сот отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 18:15 Сурет: Zakon.kz
Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды сотта сұрақ-жауап алу кезінде өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сотта сотталушылардан сұрақ-жауап алынып жатыр. Айгүл Мекешеваны ұрлау эпизоды бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған қылмыстарға қатысты өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

"Мен кінәмді ішінара мойындаймын, бірақ 125-бап бойынша (айыптау құжатында 125-бап 2-тармақтың 1-8 бөлігі деп көрсетілген) тағылған айыпты мойындамаймын. Кісі ұрлады дегенді мойындамаймын. Егер оны ұрлап әкеткен болсам, қалай оны (Айгүл Мекешеваны) менің үйіме әкелсін деп айтамын? Бұл қисынға келмейді. Сондай-ақ басыну (айыптау құжатында ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі деп көрсетілген) бабы деген бар. Ол арадағы бес пайызды мойындаймын. Мен оған 5%-ды (акция) уәде еткенмін және сол уәдемде тұрмадым". Гүлмира Сатыбалды

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Айгүл Мекешевамен "Galanz Bottlers" және "Maxi Bottlers" компаниялары акцияларындағы жәбірленушінің үлесін өткізіп беру туралы медиативтік келісім жасасқан болатын.

Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы адам ұрлау және өз еркімен әрекет ету және қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды деп айыпталады. Сотта бизнесін рейдерлік жолмен басып алғанына арызданған екі жәбірленуші бар. Келтірілген залал сомасы 6 млрд теңгеден асады. Бұл туралы 2022 жылдың наурыз айында белгілі болды.

Гүлмира Сатыбалды 16 наурызда Астанада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Басты сот талқысы 14 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында басталды. Ол кезде Гүлмира Сатыбалды кінәсін толықтай мойындамайтынын мәлімдеген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: