Қазақстан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салуды алты айға ұзартты

Қазақстан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салуды алты айға ұзартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 10:17 Сурет: pixabay
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығымен 3 мамырдан бастап Қазақстан аумағынан түсті қалдықтар мен сынықтарды әкетуге тыйым салу ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:

  • көліктің барлық түрлері: мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын батареялары, батареялардың қалдықтары мен сынықтары;
  • автомобиль және теңіз көлігімен: қара металдардың сынықтары мен қалдықтары;
  • автомобиль және теңіз көлігімен: пайдаланылған құбырлар, рельстер, темір жол элементтері және жылжымалы құрам.

Бұйрық 2023 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 3 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: