Ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті
Сурет: instagram.com/serik_kaliev
Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды. Бұл туралы Бекен Қайратұлы Facebook-те жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз", - деп жазды ол.
Серік Қалиев 1961 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript