Жаңалықтар тізбегі
0

Діни бірлестіктер өкілдері арасында спорттық сайыс өтті

Алматы облысы, діни бірлестіктер, спорттық сайыс, діни бірлестік өкілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 12:41 Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні, Қарасай ауданында Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, діни бірлестіктер өкілдері арасында спорттық сайыс өтті.

Шараның мақсаты – діни бірлестіктер өкілдері арасындағы конфессияаралық келісімді сақтау мен дінаралық тұрақтылықты нығайту, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын ұстана отырып, өзара келісім, сыйластық пен серіктестікті дамыту, бірлік пен теңдікті сақтау.

Жарысқа қатысушылар 10 спорт түрінен бақ сынасты, атап айтар болсақ: шағын футбол, волейбол ойыны, қол күрес, асық ату, тоғыз құмалақ, шахмат, үстел тенисі, садақ ату, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды ойын түрлері.

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша, жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақы және бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: