Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті

Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 15:38 Сурет: pxhere
Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен. Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қояды.

Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр.

Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.

Сала мамандары суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: