Ангелина Лукас WBC International чемпионы атанды

Ангелина Лукас жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2023 10:30 Сурет: Instagram/angelina_lukas1997
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) Түркия астанасы Стамбулда өткен бокс кешінде рингке шығып, титулдық жекпе-жекте мексикалық Ана Аррасоланы (28-16-3, 14 КО) жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жеңіл салмақтағы WBC International титулына арналған жекпе-жек болды.

10 раундтың соңында сәттілік Ангелина Лукас жағында болды, жеңіс төрешілердің шешімімен оған бұйырды.

Қазақстандық боксшының бұл жеңісі кәсіпқой рингтегі мансабындағы төртінші жеңісі болды. Сәттілігі мен екінші титулынан кейін Ангелина қуанышын жасырмай, Стамбул рингіндегі кездесуіне қатысты пікір білдірді.


Ангелина Лукас бір жарым жылдан бері профессионал ретінде өнер көрсетіп жүр. Осы WBC International титулды жекпе-жегіне дейін қазақстандық әйел UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуіне ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: