Ангелина Лукас Индонезиялық қарсыласына: мен саған біздің бокс мектебіміздің өнерін көрсетемін

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас 30 мамырда Бангкокта кіммен жекпе-жекке шығатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лукастың Instagram-дағы ақпаратына сүйенсек, ол Индонезиялық спортшы Харма Йестимен (1-3-1, 0 КО) жекпе-жек алаңына шықпақшы.
"Мен саған бокс мектебіміздің өнерін көрсетемін! Бұл менің 11-ші кәсіби жекпе-жегім болады. Кеттік! 30 мамыр. Рейтинг шайқасы", - деп жазды Лукас.
Спортшының жанкүйерлері оның жеңісіне сенім білдіруде:
- Біз сені жақсы көреміз және сенің жеңісіңе сенеміз, сен біздің чемпионымызсың!
- Сәттілік пен ұтымды жеңіс! Тек, алға! Тараз сенімен бірге!
- Алға, Қарындас!
- Ангелина, Қазақстан сенімен мақтанады.
25 сәуірде Ангелина Лукас бесінші раундта индиалық Мамту Сингхті (5-2, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, wibf және WBF нұсқалары бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ретінде екі кіші белбеуді жеңіп алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript