Жаңалықтар тізбегі
0

"Құдайға шүкір!". Таяуда екінші рет отау құрған Илья Ильин желіде видео жариялады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 22:18 Сурет: видеодан алынды
2023 жылдың басында екінші мәрте отау құрған қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин желідегі парақшасында отбасылық өмірін сипаттайтын видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бізде мынандай сұлу бар. Бұл - біздің Маруся. Бүгін біз үйдеміз. Ертерек келдік. Оқуда отырмыз. Ал әйелім тамақ әзірлеп жатыр. Сондай бір тамаша кеш! Мен бақыттымын", - дейді ол видеода.

Ал видео сипаттамасына: "Үйде мысығым мен әйелім бар! Балалар жаттығуға кеткен! Ал ата-анам өз үйінде, таяуда саяхаттан келді! Құдайға шүкір, төрт құбыласы сай еркектің бірімін! Құдай барлықтарыңызды жарылқасын!" деп жазыпты. 

Желі қолданушылары ақкөңіл Ильиннің ғашық кейпін көргеніне шүкіршілік айтып, "көз тимесін" деп жарыса жазып жатыр:

- Ғашықсыз ғой. Бақытты болыңыздар!

- Көз тимесін, тфа-тфа.

- Маруся шынымен де сұлу екен)

Айта кетсек, қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген болатын. "Хабар" арнасында қос жұптың беташар рәсімі өткізілген болатын. 

Танымал спортшы "бизнес вумен" Татьяна Гордиенкомен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Спортшының бірінші әйелінен Милана атты қызы бар. Илья Ильинге ажырасу ауыр тиген еді. Бір сұқбатында қызы үшін қайта қосылуға да дайын екенін айтқан



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: