Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық футбол федерациясының президенті Тоқаевқа атаулы футболка сыйлады

ФИФА, Қазақстан, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 12:49 Сурет: akorda.kz
ФИФА президенті Джанни Инфантино Ақордада ресми сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа атаулы футболка табыс етті. Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты.

ФИФА, Қазақстан, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 12:49

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.

"Сіздің сапарыңыз Қазақстан футболын дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамытуда ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және ФИФА президенті ретінде қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады.

ФИФА президенті, Қазақстан, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 12:49

Сурет: akorda.kz

Джанни Инфантино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты.

"Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуіміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол", – деді Джанни Инфантино.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамыр күні классикалық шахмат бойынша әлем чемпионы атағы үшін сайысқа түскен Ян Непомнящий мен Дин Лижэньді, сондай-ақ Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворковичті қабылдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: