Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мерекелер тізімінен барлық кәсіби мерекелер алынып тасталды

Мерекелер тізімі, кәсіби мерекелер, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 15:37 Сурет: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына одан барлық кәсіби мерекелерді алып тастайтын өзгерістер әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі әкімшілік реформа аясында үкімет өз өкілеттіктерінің бір бөлігін министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдарға берді.

Кәсіби мерекелер туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, кәсіби мерекелерді қоспағанда, мереке күндерінің тізбесін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді. Кәсіби мерекелердің тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, яғни Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді.

Енді Еңбек министрлігі өзінің нормативтік құжаттарымен мынандай кәсіби мерекелерді бекітетін болады:
  • Медицина қызметкерлері күні;
  • Мұғалімдер күні;
  • Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні;
  • Полиция күні;
  • Ғылым қызметкерлері күні;
  • БАҚ қызметкерлері күні;
  • Мемлекеттік қызметші күні;
  • Металлург күні;
  • Құрылысшылар күні;
  • Шекарашы күні;
  • Ұлттық валюта күні және т.б.

Үкімет бекіткен мереке күндерінің тізімінде мына күндер қалады:

  • Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
  • Алғыс айту күні – 1 наурыз;
  • Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
  • Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Абай күні – 10 тамыз;
  • Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
  • Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні– 29 тамыз;
  • Білім күні – 1 қыркүйек;
  • Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
  • Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
  • Қарттар күні – 1 қазан;
  • Нан күні – 16 қазан;
  • Энергия үнемдеу күні – 11 қараша;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан;

Құжат 19 мамырға дейін қоғам болып талқылау үшінАшық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: