Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды
Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізімге жаңа кәсіби мерекелер қосылды:
- Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.
- Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.
- Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.
- 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.
- Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
- Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.
- Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.
- Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.
Сонымен бірге тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.
Сонымен бірге, Тізімнен мыналар шығарылды:
Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;
Радио күні – 1 қазан.
Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript