Жаңалықтар тізбегі
0

Суданнан үш отандасымыз елге жеткізілді

Туристер елге оралды, суданнан 5 адам қайтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 10:43 Сурет: pixabay
Әскери қақтығыс ушыққан Судан Республикасынан үш отандасымыз елге жеткізілді. Сыртқы істер министрлігі олардың аман-есен оралуына ұйытқы болған.

Шығыс Африкадағы мемлекетте 10-нан астам қазақстандық тау-кен саласында вахталық әдіспен еңбек етеді. Солардың бірі, қызылордалық Нұрдәулет Жұрғатов. Олар атыс-шабыс ошағы Хартум қаласынан 500 шақырым жерде болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, қауіпсіздік үшін үш отандасымыз соғыс тұтанған соң 11 күннен кейін Судандағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясына депортацияланып, әрі қарай туған жерге аман-есен оралды.

"Судан елінде жұмыс істейтін менімен бірге 3 әріптесіміз елге оралдық. Қазір соғыстан кейінгі халықтың жағдайы өте ауыр. Өзімізбен бірге әскери кеме арқылы эвакуция жасаған кезде 2 мыңға жуық адам болды. Судандық азаматтар өз елдерін тастап соғыстан қашып жатыр." Нұрдәулет Жұрғатов, Қызылорда облысының тұрғыны

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: