Суданнан үш қазақстандық әйел эвакуацияланды

Судан Республикасы, әскери қақтығыс, ҚР СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 18:01 Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Суданнан үш қазақстандық әйел вакуацияланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар Суданнан елдегі қарулы қақтығысқа байланысты кетуге мәжбүр болды.

"Олардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, ол қазір Эфиопияда, Аддис-Абебада. Ал тағы бір азамат жапондық компанияда жұмыс істеген, оны да жапон дипломаттары эвакуациялады". Айбек Смадияров

15 сәуірден бері Суданда тұрақты армия мен әскери құрама арасында қақтығыстар болып жатыр, салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр, бұның соңы азаматтық соғысқа әкелуі мүмкін. Судан 30 сәуірге дейін әуе кеңістігін жапты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: