Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді

Алматыда Отан қорғаушылар күні қалай тойланады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 10:29 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, «IL Canto» квартеті, Жәмила Серкебаева және т. б. өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

  1. Алатау ауданында ардагерлер мен жастардың қатысуымен "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамырда сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;
  2. Алмалы ауданында «Елім менің» патриоттық әндер орындаушыларының байқауы 7 мамырда сағат 17:00-де Арбатта өтеді.
  3. Бостандық ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 5 мамырда сағат 11:00-де Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік командованиясында өтеді, Попов көшесі, 1а
  4. Жетісу ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ардагерлер ұйымдарының активі мен Қарулы Күштер өкілдерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 7 мамырда сағат 14:00-де Кемел шағын ауданындағы Есім хан көшесі, 127А-да өтеді;
  5. Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 10:00-де өтеді;
  6. Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамырда сағат 10:00-де Ақжар шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайдағы әскери бөлімде өтеді.
  7. Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамырда, ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) сағат 11:00-де өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: