Жаңалықтар тізбегі
0

UFC шаршы алаңына екі рет қатарынан шықпай қалған Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады

Жалғас Жұмағұлов, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2023 15:53 Сурет: sports.kz
6 мамырда Жалғас Жұмағұлов UFC 288 турнирінде америкалық Нэйт Мэнноспен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда ол жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады, оның орнын бразилиялық файтер Рафаэл Эстевам басқан. Ол да салмақ өлшеміне байланысты жарысқа жіберілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әрине, ұнамсыз жағдай, ең ұзақ дайындық кезеңім, ең жақсы дайындықтағы сәтім. Жалпы, өзімнің қалай өзгергенімді көрсетсем дегенмін. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтайтындығыма сенімді болғанмын. Әрине, өкінішті... Осынша дайындалғанда. Бірақ әр нәрсенің арғы жағында жақсы нәрсе барын біліп, көре алу керек. Енді күтетін боламын. Таяуда келесі жекпе-жектің уақыты белгіленуі керек. Осында қалып, дайындалатын боламын", - деді Жалғас Жұмағұлов Sports.kz-ға берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол дайындыққа кеткен шығынды UFC өтейтін-өтемейтіндігіне қатысты сұраққа да жауап берді.

"Не деуге болады? UFC-ге келетін болсақ, шығынды өтейді деп ойлаймын. Қалай дегенмен де келісімшартта көрсетілген шарттарды өз басым орындадым, турнирге келдім, менен жазық жоқ қой. Гонорардың жартысын төлеуі керек деп ойлаймын",  — дейді файтер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: