Елордалықтар Жеңіс күнін қалай қарсы алды

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер Сурет: Zakon.kz
Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде Жеңіс күніне арналған үлкенді-кішілі шаралар өтіп жатыр. Сондай шаралардың бірі Астанадағы "Отан ана" монументі жанында ұйымдастырылды. Zakon.kz тілшісі ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысып, соғыс жауынгерлерінің ұрпағын аз-кем әңгімеге тартты.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жауынгерлерді еске алу үшін "Отан Ана" монументіне халық ертемен жинала бастады. 

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Түске таман монумент жанына келушілер қарасы көбейе түсті.

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Көпшіліктің ішінен қыздарының сүйемелдеуімен ескерткішке қарай келе жатқан Күлсара әжені көзіміз шалып, сөзге тартуды жөн көрдік. Күлсара әже де Екінші дүниежүзілік соғыста әкесінен айырылып, балалық шағын да сұм соғыс жалмаған.

"Соғыс басталған жылы мен 10 жаста едім. 1942 жылы маусым айында әкем соғысқа кетті. Ауылымыз Тайынтыдан жиырма шақты адам аттанды. Әкемнен хат келіп тұратын, кейін хат үзіліп, хабарсыз қалдық. Соңғы хат Харьковтан келді. Содан кейін із-түссіз кетті. Нағашым аяғынан, атамыз қолынан жараланып келді", – дейді Күлсара әже.

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Күлсара әже қиын жылдары оқудан қол үзбегенін айтты, арасында ауылдастырамен бірге қолғап, шәркей тоқып, майдан даласына жіберіп тұрған екен. 

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Астаналық Аяулым да бүгін әкесіне еріп, соғысқа аттанған қос атасын еске алуға келіпті. 

"Елен атам Ленинград маңында соғысқан. Медаль алған. Ал Мәуліт атам соғыстан оралмапты. Ол соғысқа 1942 жылы кеткен, әлі күнге дейін сүйегі қай жерде жатқанын білмейміз", – дейді Аяулым. 
Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев та мәңгілік алауға гүл қоюға келіпті.

Өз атам Перуаш Кәрімұлы Алашты насихаттағаны үшін 1937 жылы 22 жасында халық жауы ретінде репрессияға ұшыраған. Сол үшін соғысқа қатысқан жоқ. Ал оның інілері Курск шайқасынан бастап, Прагаға дейін жетті. Расында аталамымыздың Жеңіске қосқан үлесі бар, дейді Азат Перуашев.

Бүгін жиналған әр адамның бір жақыны ел басына үйірілген қара бұлтты сейілтіп, Жеңісті жақындатуға бар үлесін қосқан. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Алау маңына жиналған жұрт сәлден кейін Жеңіс туралы ән сала бастады. Соғысты көрмесек те, соғыс кезінде шерменде болған жүректің қағысын естігендей болдық.

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Аулақта әскери-патриоттық клуб мүшелері сап түзеп кетіп бара жатты.

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Ал атасын еске алуға келген мына балақай көлікке мініп алып: "Отырыңдар, соғысқа кеттік" деп қояды. Соғыстың не екенін сен де, келер ұрпақ та көрмей-ақ қойсын, балақай. 

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz

Жеңіс күні, Астана, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соғыс жауынгері, ардагер

Сурет: Zakon.kz





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз