Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат ТМД мемлекеттерінің авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы келісімін мақұлдады

Сенат ТМД мемлекеттерінің авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы келісімін мақұлдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 11:54 Сурет: senate.parlam.kz
11 мамырда сенат отырысында "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң талқыланды.

Сенаторлар ҚР парламентінің мәжілісі қабылдаған «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын мақұлдады.

Аталған келісімнің мақсаты - цифрлық ортада авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық нормативтік - құқықтық базаны дамыту, осы салада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жетілдіру.

Қаралып отырған, "ТМД - ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық - телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң уақытылы және маңызды. Сонымен қатар ақпараттық - телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына жол бермеу жөнінде тетіктерді жүзеге асырумен қатар, құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Атап айтқанда, цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында туындайтын мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін белгілеуге, барлық тараптарға бірдей үйлесімді жұмыс жүргізуге толық мүмкіндік береді. 

"Алайда елімізде осы салада заңсыз жұмыс жасап келген интернет-ресурстар анықталған. Мысалы, 2020 жылы лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурс, ал 2021 жылы 40 интернет-ресурс анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. Бұл жағдайға салыстырмалы түрде қарасақ, осы уақыт аралығында шамамен екі есеге артқаны байқалады. Осы орайда, алдағы уақытта арнайы рұқсаты жоқ интернет - ресурстарына тосқауыл болу үшін тиісті мемлекеттік органдар жұмыла әрекет ету қажет деп есептеймін. Аталған келісім, осы салада қажетті ақпараттармен және ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуға жол ашады", - деді сенатор Советбек Медебаев.

Сонымен қатар авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес келісім ратификациялауға жатады. Осы келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын талап етпейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: