Жаңалықтар тізбегі
0

Бибісара Асаубаева Armageddon Women's Chess Week-2023 турнирінің жеңімпазы атанды

Шахмат, Берлин, Armageddon Women’s Chess Week-2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 11:30 Сурет: Instagram/bibisarachess
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Берлинде өткен Armageddon Women’s Chess Week халықаралық шахмат турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шахматшының Instagram парақшасында жазуынша, бұл жарыс өте ерекше форматта болған. Турнир ережесі нокаут жүйесі бойынша өткен.
"Мен бір ғана Армагеддон ойнап, барлық кездесуде жеңіске жеттім әрі бүкіл турнирде бір ғана ойында жеңіліп қалдым. Әуелі Грузияның үздік шахматшысы, блиц бойынша 2017 жылғы әлем чемпионы Нана Дзагнидзені 2:0 есебімен ұттым. Содан кейін блиц бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы 20 жылдағы планетадағы ең мықты шахматшылардың бірі – үндістандық Хампи Конеруден басым түстім". Бибісара Асаубаева

Турнирдің жартылай финалында қазақстандық спортшы әзірбайжандық Гюнай Мамедзадені 1,5:0,5 есебімен ұтты. Осылайша ол финалға және қыркүйекте өтетін Grand Final-ға жолдама алды. Шешуші кездесуде Асаубаева Хампи Конеруды тағы жеңді.

Берлиндегі жарыстан кейін біздің шахматшымыз кеше әйелдер арасындағы Гран-придің төртінші кезеңі өтетін Кипрге аттанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: