Жаңалықтар тізбегі
0

"Арасында депутат та жүр". Қасақана кісі қаққан көлік оқиғасына қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:28 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облыстық полиция департаменті екі адамды көлік қаққан видеоға қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ, ведомствоның баспасөз қызметі аталған оқиғаға аудандық мәслихат депутатының қандай қатысы барын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде екі адамды көліктің әдейілеп қаққан видеосы тарады. Видео сипаттамасында бұл оқыс оқиғаға арты төбелескен ұласқан жанжал себеп екені айтылады. Араздасушы тараптың бірі жергілікті депутат екені де атап көрсетілген. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне берген жауабында аталған оқиға 2023 жылдың 13 мамырында сағат 21:30 шамасында Мырзакент ауылының орталық алаңында болғанын нақтылады. Екі ер адам жанжалдасқаннан кейін олардың бірі өзінің "Mercedes-Benz" көлігіне отырып, екіншісін қасақана қаққан.

"Мақтарал АПБ-ға ауруханадан хабарласып, өздеріне дене жарақаты бар ер адамның келіп түскенін жеткізді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Екі тарапқа қатысты ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі - "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және ҚР ҚК 293-баптың 1-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қасақана кісі қаққан күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомство атап өткендей, аталған оқиға орнында аудандық мәслихат депутаты да болған, оның төбелескен екеуді ажыратуға тырысқаны айтылады.

Тергеу барысы Түркістан облысы ПД басшылығының ерекше бақылауына алынды, оның нәтижелері бойынша оқиғаның барлық қатысушыларына құқықтық баға берілетін болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: