"Алматыэлектротранстың" бас директорына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
Сурет: скриншот
Қыркүйектің соңында Бекмырза Игенбердиновті "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатып, екі айға қамауға алды. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Игенбердиновті Алматыда 160 мың доллар пара алып жатқан жерінде "Антикор" қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) редакция тілшісі Игенбердиновтың пара алу фактісін растап, оны не үшін алғанын да айтып берді.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою және олар бойынша төлемдерді іске асыру үшін 160 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша "Алматыэлектротранс" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, – делінген ресми сауалға берген жауапта.
Алматы "Антикоры" 28 қыркүйекте Бекмырза Игенбердинов ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын нақтылады.
Басқа ақпарат, департаментте атап өтілгендей, жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript