Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы тауларының 13 га жеріне заңсыз тұрғын үй кешенін салу жоспарланған

Алматы, таулы аймақ, заңсыз берілген жерлер, Алматы прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2023 14:01 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақ құрылысында 150-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына 22 мамыр күні қалалық прокуратура мәлімдеді.

Алматы қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, 2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды.

20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді.

"Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 га "жасыл аймақтан" "қоршалған үйлерге" айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылды. Тау бөктерлеріндегі жаппай құрылыс пен көпжылдық жасыл желектерді шабудың алды алынды".Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Наурызбай ауданының Жайлау шағын ауданында аумағы 13 га жекетұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылғаны мәлім болды. Онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған.

"Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 фактісі, сондай- ақ мақсатында пайдаланылмайтын 15 учаске анықталды. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан".Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган жариялаған мәлімет бойынша, су қорғау аумақтарында барлығы 118 бұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы, су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену – 15.

Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру қарастырылды. Бұл жерде туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған.

Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз беріліпті.

"Тағы да бір маңызды мәселе – қала су айдындарының бойындағы құрылыс. Су қорғау белдеулерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңмен тыйым салынған. Мұндай аймақтар тұрғындарды табиғат апаттарынан қорғау мақсатында пайдаланылуы қажет. Сонымен бірге органдармен құрылысқа рұқсат берілген біршама нысандар бар, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз іске асқан".Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді.

"Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу,Алатау аударында бар. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша осы аумақтарда құрылыс салуды бақылау тетіктерін күшейтуге, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын беруді болдырмауға және уақтылы ден қоюға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауға ұсынылды".Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган жүргізілген талдау материалдарын құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жолдайтынын мәлім етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: