Алматы қаласының әкімдігі тағы бір заңсыз салынған тұрғын үй кешенін атады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Интернет-ресурстар мониторингі барысында Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы хабарландыруды анықтады. Ведомство Zakon.kz арқылы азаматтарға аталған мекен-жайдан баспана сатып алмауға кеңес береді.
Аталған учаскеде көппәтерлі тұрғын үй (КТК) құрылысын салу мақсатында меншік иесі 2005 жылы Сәулет-жоспарлау рұқсатнамасымен құрылыс бастаған, содан кейін нысан салынбай бірнеше жылға тұрып қалған.
"Кейінірек бұл учаске басқа меншік иесіне берілді, ол сол учаске маңында заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын тұрғызды. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын сүруге талап арыз берді. 2023 жылдың 2 мамырында сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот шешімі заңды күшіне әне-міне енеді деп күтіліп отыр". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тағы бір талап-арыз ғимараттың өзін сүруге қатысты. Ол Медеу аудандық сотына жылжымайтын мүлікке тыйым салу, ҚМЖ өндірісіне тыйым салу және рұқсат құжаттамасын беруге тыйым салуды қамтамасыз ету туралы өтінішпен қоса келіп түсті.
Сот процестері әлі де жүргізіліп жатыр, сот-құрылыс сараптамасы тағайындалды.
"Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені туралы қала құрылысын бақылау басқармасының шұғыл байланыс нөміріне, яғни +7 (727) 229-81-36 бойынша хабарласып, алдын ала құжаттардың толық пакетін тексеріп алуды ескертеміз", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript