Алматыда заңсыз салынған жазғы дәмхана сүріледі
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Назарбаев даңғылындағы 240-үйде орналасқан "Здесь и сейчас дәмхана-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүріледі. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына 7 сәуір күні Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Bars Holding ЖШС меншік иесі мемлекеттің жеріне рұқсатсыз қосалқы нысан тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы құрылысты бұзу жөнінде талап арыз берді.
Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
2023 жылғы 7 сәуірде нысан сот орындаушыларының қатысуымен сүріле бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript