Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бірқатар сауда нүктелері мен жазғы кафелер сүріледі

Алматыда заңсыз орындар сүріледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2023 12:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сот шешімі бойынша Төле Би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында мемлекеттік қордың жерлерінде орналасқан бірқатар сауда нүктелері мен кафелер сүріледі.

Бұл учаскені кәсіпкер жалға алу құқығында үш жыл мерзімге иеленген. 

Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.

Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді.

Қазір Алматы қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілеуі күтілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: