Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық оқушы тарихты оқуға арналған ерекше қосымша ойлап тапты

Алматы, оқушы, мобильді  қосымша, тарих, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 11:04 Сурет: Zakon.kz
24 мамырда ҚР Оқу-ағарту министрлігі сүйінші жаңалығын бөлісті: Алматы қаласының №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасов өлкенің тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше, бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді.

Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады.

"Жоба "Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану" деп аталады. Бұл бұған дейін өзім дайындаған екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Біріншісі-қоғамдық көліктегі ескерту жүйесін жаңарту арқылы қала тарихын таныстыру. Бұл идея – қаладағы қоғамдық көліктердегі дыбысты хабарламалар арқылы тарихи ақпаратты қосу", – дейді Тимур Қырбасов.

Екіншісі "AIALDAMA" мобильді қосымшасы екен.

"Мен әзірлеген мобильді қосымшаны пайдаланушы көшені кесіп өткен сәтте көшеге қатысты немесе сол жердегі нысандар туралы ақпарат береді. Жобаның мақсаты – оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде зерттеуге көмектесу", –  дейді жас талапкер.

Тимур тарихты білу өте маңызды деп санайды.

Алматы, оқушы, мобильді  қосымша, тарих, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 11:04

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса ол үш жобасының авторлық құқығын қорғаған. Соңғы үш жылда халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жүлделерін иеленді. Ал 2022 жылғы 1 маусымда Тимур "Алматы БалаFest" қалалық фестивалінде Мемлекет басшысының нұсқаушысы болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: