Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Түркия ақпарат алмасуға және кедендік бақылау рәсімін оңайлатуға келісті

Қазақстан мен Түркия ақпарат алмасуға және кедендік бақылау рәсімін оңайлатуға келісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 13:18 Сурет: akorda.kz
Мәжіліс депутаттары 24 мамырда палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада жасалды.

Осы Келісімді ратификациялаудың мақсаты – Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтермен электрондық нысанда алмасу арқылы кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту.

Құжатты ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Оның айтуынша, келісім тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы электронды ақпарат алмасу арқылы тиімділікті арттыру және кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мақсатында жасалған.

"Келісім ережелеріне сәйкес тараптардың кеден органдары алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асыруға жауапты және тікелей байланыс орнатуға уәкілетті құзырлы лауазымды тұлғалардың тізбесін анықтайды. Сонымен қатар олар өзара алмасудың техникалық шарттарын әзірлейді. Ақпарат беріп, пилот жобаны іске асыруды бастайды, ол аяқталғаннан кейін тараптардың кеден органдары тұрақты негізде ақпарат алмасуды бастайды", - деді Қаржы министрі.

Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Бұған дейін Қазақстанның Түркиямен денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті екені белгілі болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: