Спорт костюмімен самокатқа мініп ұзатылып кетті: танымал ресейлік әнші тұрмысқа шықты

Ресей эстрада әншісі, әнші, той, жұлдыз, балалар үйі, қайырымдылық Сурет: Instagram/ritadakota
24 мамыр күні Ресейдің танымал әншісі Рита Дакота клипмейкера Федор Белогайға тұрмысқа шықты. Жас жұбайлар дүркіретіп той жасаудан бас тартып, тойға кететін қаржыға балалар үйін жөндеп беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші қыз өміріндегі маңызды жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол некеге отыруға самокатпен бара жатқан кездерінен видео жүктеді. 33 жастағы Рита Дакота ақ көйлектің орнына қара спорттық костюм киіп, қолына гүл шоғын ұстап, ақ желек тағып алған. Ал 32 жастағы Федор Белогой жасыл түсті спорттық костюммен шықты.

Жақында Рита үйлену тойы болмайтынын мәлімдеді.

"Той болмайды... Дәлірек айтсақ, адамдардың қиялындағы классикалық той. Үйдің жанындағы неке тіркейтін орталыққа самркатпен барамыз. Ал тойға жұмсаймыз деп ойлаған ақшаға Мәскеу облысындағы балалар үйін жөндеп беретін болдық", – деп жазды әнші.

Жас жұбайлар нақты қай балалар үйіне жөндеу жұмысын жүргізетінін шешіп те қойған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз